Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бортқа ақыры кіргізбеді: Мақпал Жүнісова домбырасына 59 мыңға билет алғанын айтып ашынды (ВИДЕО)

15:37, 06 қараша 2024 767

Әнші Мақпал Жүнісова өз домбырасына 59 мың теңгеге билет алғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Өнер иесі мемлекет басшысына үндеу жасады. 

Құрметті, Қасым-Жомарт аға Тоқаев! Аэропортты сатсаңыздар сатқан боларсыздар, бірақ қазақтың домбырасын сонша қорлауға жол бермеңіз! Мүмкін сіз хабардар емес шығарсыз, біздің өтінішімізге құлақ асыңыз! Жүк салғышқа өткіз дейді. Ана жолы Тоқтар Серіктің домбырасын сындырған. Сол кезде де ешкім жауап берген жоқ. 59 мыңға қасымнан орын алып, бордқа домбырамды кіргіздім. Абай жеріне келіп алып, ұлттық аспапты қорлауға тап болдық. Семейдің әкімін танымаймын, бір ауыз сөз айтайын деп ойлаған едім”, – деп жазды халық әртісі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?