Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері пара алғаны үшін сотталды

14:24, 15 қараша 2024 48

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы сотталды,- деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы Astana TV-ге сілтеп. 

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев 6 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды және басқа да айыпталушыларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 42 млн теңгеге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Департаменттің персоналды басқару қызметінің басшысы Г. Тұрсынбаеваға 21 млн теңге, Шымкент бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С. Махатоваға – 9 млн теңге және пара беруші С. Әшірбаеваға – 12 млн теңге айыппұл салынды.

Олар осы департаменттің аудандық басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін 600 мың теңге сомасында пара алғаны, делдалдығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар