Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Босанғаннан кейін міндетті түрде сүйінші сұраймын». Әнші Айгүл Иманбаева сырласып, елге "миымен жұмыс істеуге" кеңес берді"

18:48, 31 қазан 2024 1655

Әнші Айгүл Иманбаева оқырмандарымен сыр алысып, көпшіліктің сауалына жауап берді. Үйлену тойына дайындалып жатқанын жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

47 жасында тұрмыс құрған әнші, актриса Айгүл Иманбаева үйлену тойына дайындалып жатқанын мәлімдеді.

“2025 жылы үйлену тойы болады. Бірақ Қазақстанда жасамаймыз. Жолдасым екеуміз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тойлауды жоспарлап отырмыз. Маған “аяғың ауыр ма?” деген сұрақтар да келіп жатыр. Осы тақырыпты босанғаннан кейін айтайын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын. Ұлым Асылжанның тойы да мүлдем басқаша форматта өтеді. Сол тойда тағы да бірнеше жаңалығымызды жария етеміз. Әр шаңырақта той болсын”, – деп жазды әнші.

Сонымен қатар, өнер иесі жасөспірім ұлы бар келіншектердің екінші рет тұрмыс құруына қатысты пікір білдірді.

“Негізі балаңызбен көбірек сырласыңыз. Онымен дос болыңыз. Сондай-ақ өзіңіз миыңызбен жұмыс істеңіз. Құдайға сенуді тоқтатпаңыз. Дамуды жалғастыра беріңіз. Сол кезде ұлыңыз да түсініп, жаңа дүниеге жол ашылады”, – деп кеңес берді өнер иесі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?