Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүгін - Ұлттық киім күні

14:47, 18 наурыз 2024 550

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні.

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өтеді - бұл стильдендірілген сән көрсетілімдері, дизайнерлердің жаңа топтамаларының тұсаукесері, «Ұлттық киім күні» жалпыұлттық челленджі және басқа да іс-шаралар.

Сондай-ақ, Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында Fashion-show – ұлттық киімдердің жас дизайнерлерінің байқауы өтеді. ҚР Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің әртістері «Тәрбия» ұлттық киімдер сән үйінің жаңа топтамасының тұсаукесеріне қатысады.

Шымкенттегі «Көрме» орталығында дизайнерлер арасында «Ең үздік балалар мен жасөспірімдердің киім үлгісі», «Ең үздік күнделікті киім үлгісі», «Ең үздік жұмыс киім үлгісі» атты ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы өтеді. Ал Ақтөбеде «Ұлттық өнер – ұрпаққа ұлағат» көрмесі өтеді. Қарағандыдағы Кеншілер сарайында «Наурыз-fashion» этно-заманауи киімдер фестивалі өтуде.

 

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар