Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзін өртеп жіберді". Жаңбыршин казино жарнамасына тыйым салуды көтерді

15:10, 14 наурыз 2024 331

Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин еліміздегі лудомания мәселесін көтеріп, оған заң жүзінде тезірек тосқауыл қою керектігін айтты деп хабарлайды alash.kz. 

«Мықты азаматтарымыздың басы айналып, казиноның ішінде жүр. Онлайн казино интернетті ашсаңыз жарнамасы айқайлап тұр. Көшеде де қызылды-жасылды жарнамасы көп. Қарызға кірген азаматтардың бірі тіпті жақында өзін өртеп жіберді. Казинолардың жарнамасына заңмен тыйым салынуы керек», – деді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар