Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұл табиғи нәрсе. Егер бірнеше әйел бір еркекке тиігісі келсе неге біз тоқтатамыз?! - МҰХТАР МАҒАУИН

16:29, 17 қыркүйек 2024 1095

Қазақстанның халық жазушысы, Мұхтар Мағауин көп әйел алу туралы баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл туралы журналист Ләззат Мырзашқа берген сұхбатында көп айтты. 

«Мен көп әйел алу туралы бәрінен бұрын, 1993 жылы «Лениншіл жасқа» мақала  жазғанмын. «Бір отбасы, бір үйелмен» деген. Аламын деген адам ала берсін. Мысалы, Еуропада әйелге әйел, еркекке еркек үйленіп жатыр. Неше түрлі былық. Бұл табиғи нәрсе. Егер бірнеше әйел бір еркекке тиігісі келсе неге біз тоқтатамыз?!  Әйелді әйел алып жатқан жоқ қой. Зайырлы мемлекет болғандықтан, Конституция бойынша рұқсат жазылмайды. Бірақ, мұны заң жүзінде қудалауға болмайды», - деді жазушы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар