Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Балаңыз әлі-ақ тік тұрып кетеді" деді: Ербаянның әкесі көзіне жас алды

15:37, 17 қыркүйек 2024 361

Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткізген сарбаз Ербаян Мұхтардың әкесі Мұхтар Аймағамбетов ұлын емдеу үшін Германияның клиникаларымен сөйлесіп отырғанын айтады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz.  сайтына сілтеме жасап.

 

– Жағдайы қазір Аллаға шүкір жақсы. Бір күндей болып қалды, судорогы ұстады. Ол кәдімгі процесс дейді. Адам сондайжағдавйда жатқан соң өтпелі нәрсе деді. Кеше Германияның профессорларынан сұрап жатырмын. “Неге олай қайталады? Олай болмап еді ғой” деп. Бізде сұрақ туындайды ғой. Соны бәрін профессордан сұрап едім, ол сондай жарақат алғаннан кейін, жалғыз сіздің балаңызда емес, қандай адам болсын қайталанатын нәрсе деп түсіндірді. 

Бұдан былай бәріне тыйым салып жатырмын. Бұдан былай баламды көрсетпеуге тырысып жатырмын. Неге десеңіз, әр адамның көзқарасы әртүрлі. Адам көзден де сақтануы керек. Ертең бұйырса Германиядан емделіп келеміз, сол кезде өзін халықтың алдына шығарып тұрып, өзін де бәріне жауап береді деп ойлаймын. Алла сол күнге жеткізсін, – дейді әкесі.

Бүгін Ербаянның әкесі мен адвокаты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен кездескен. Министр санавиация жағынан көмектесуді өз қолынан келгенше қарастыратынын айтқан. Ербаянның әке-шешесі Қазақстанның дәрігерлеріне сенбейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар