Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұрынғы әйеліме сана берсін: Шенеунік Ринат Ибрагимов пікір білдірді

17:51, 17 мамыр 2024 391

Шенеунік Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелінің айтқан пікірін орынсыз деп отыр, деп хабарлайды Alash.kz.

“Бұрынғы әйелімнің тарапынан маған тағылған айып БАҚ-та тарап кетті. Жеке өміріме қатысты пікір білдіру орынсыз деп санаймын. Ал бұрынғы әйеліме сана берсін деймін. Ол соңғы жайттарға байланысты түрлі видеоны қарап алып, менің жұрт алдында жүргенімді біліп, осындай мәлімдеме жасаған болуы керек. Ортақ балаларымыз – екі қызымыз менімен тұрады. Бұл қыздарымның және соттың шешімі. Ұрып-соғуға қатысты – қазір сот процесі жүріп жатыр, БАҚ өкілдерінен асығыс шешім қабылдамауды сұраймын”, – дейді аудан әкімі.

Ал Атырау облысының әкімдігі аудан әкіміне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар