Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бұрмалаушылық болады деп ойламаймын»: Ерлан Қошанов Бишімбаев ісі туралы

15:19, 13 наурыз 2024 391

БАҚ өкілдері Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтан атышулы Қ.Бишімбаевтың сот процесі туралы сұрады.

«Қазір сот процесі жүріп жатыр. Өзіңіз білесіз, сот процесіне ешбір азаматтың араласу құқығы жоқ. Оған араласуға болмайды. Екіншіден, бұл іс үлкен резонанс туғызды. Шынында да, жантүршігерлік оқиға әрі қоғамның ерекше бақылауында. Президент осы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын дұрыс жүргізу бойынша тапсырма берді, өз бақылауында ұстап отыр. Сондықтан осындай қоғамдық бақылау бар кезде әрине, ешқандай бұрмалаушылық болады деп ойламаймын. Сот шешімін шығару да дербес жүргізіледі. Әділ үкім шығаратынына сенеміз», - деді Ерлан Қошанов.

Бұдан бөлек, журналистер Мәжіліс төрағасынан өздерінің сот залына кіре алмауы туралы пікірін сұрады.

«Сот мейлінше ашық жүріп жатқанын көріп отырмыз. Мен де сіздер сияқты бәрін ақпарат құралдарынан біліп отырмын. Тағы да қайталап айтарым, сот үкім шығаруда да, қандай форматта сот процесін жүргізуде де дербес шешім қабылдайды. Демек, сондай шешімді сот қабылдады. Онлайн режимде сіздерге ашық ақпарат беріліп жатыр. Бұл аудандық сот, залдың іші тар, сондықтан бұл жерде залдың да, аудандық соттың да мүмкіндігі шектеулі. Мәселе осыдан туындады деп ойлаймын», - деді Е.Қошанов.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар