Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев адвокаттары Ресейден мамандарды іске тартып, олардың "ақтап алатынын" айтты

18:43, 10 сәуір 2024 1027

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары істің ақ-қарасын анықтауда ресейлік мамандарға жүгінуді жөн санады. Бишімбаевтың жақтастары соттан Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің ресейлік мамандарының қорытындысын қарауды сұрады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Адвокаттар сот барысында Ресейден Zoom немесе WhatsApp арқылы сарапшылардың мәліметтерін алуды сұрады.

"Мамандардың қорытындысы Бишімбаевтың кінәсіздігін растайтын және ұсынылған күдікті жоққа шығаратын дәлел болып табылады", - деді адвокат Назкен Құсайынова. 

Судья Айжан Көлбаева бұл өтінішті қанағаттандырды. Адвокаттың айтуынша, қорытынды 119 бетте жазылған.

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады.

Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады. 12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.

Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды. Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды. 

10 сәуірде өткен сотта судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқа билердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар