Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын бітірген. 2020 жылы Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және апаттардың салдарын жою министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін бітірген.
Еңбек жолын Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде инженер болып бастаған.
2006 жылдан 2010 жылға дейін мемлекеттік өртке қарсы бақылау саласында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Осы жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, басшының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.
Соңғы атқарған қызметі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы.
Еске сала кетейік, 9 сәуірде Қостанай облысында да Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды.