Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев айтқан Райымбек кім: Неге Баталова бұған жауап берді?

19:33, 02 сәуір 2024 989

Кешегі өткен Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты өткен сот отырысында сотталушы Қуандық Бишімбаев марқұм әйелінің ірі кәсіпкер Райымбек Баталовтың көңілдесі болды деп айып таққан еді. Кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alash.kz.

«Райымбек есімді» деп атаған Бишімбаевтың бұл мәлімдемесінен кейін халық бұл адамды Райымбек Баталов деп топшалаған. Кейін халық оның әйелі Ленера Баталованың инстаграм парақшасына «шабуыл» жасап, мәлімдеме беруді талап етті. Суреттерінің астына күйеуі туралы жаман пікірлер қалдырған оқырмандарға жауап берді.

"Мен болған жайтқа қатысты пікір білдірсем деп едім. Себебі менің инстаграмым "жарылайын" деп тұр. Кеше ел болып атышулы процеске куә болдық. Процесс 1 сәуірге сәйкес келіп қалды. Оның мазмұны да соған сай болған секілді. Біз атышулы істі емес, "Пусть говорят" шоуын көріп отырғандай болдық. Сотта менің отбасымның абыройына нұқсан келтірген негізсіз, ойға қонымсыз нәрселерге қатысты не дерімді білмеймін. Салтанаттың жақындарына сабыр мен күш-қуат тілеймін және әділдік орнайды деп сенемін. Біз сіздермен біргеміз", - дейді Ленара Баталова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар