Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Партия жеңісін тойлау барысында төраға орынбасары қайтыс болды

16:30, 02 сәуір 2024 354

Түркияда оппозициялық Республикалық Халық партиясының (РХП) сайлаудағы жеңісін тойлау кезінде төраға орынбасары Мехмет Палаз қайтыс болды, деп хабарлайды РБК.

Түріктің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған басылым жазуына қарағанда, қаза болған Мехмет Палаз Денизли провинциясындағы Тавас округінде РХП филиалы төрағасының орынбасары болған. Партия мүшесі Кадир Татиктің Тавас округіндегі сайлаудағы жеңісінен кейін оның жақтастары бұл оқиғаны партия ғимаратының алдындағы көшеде тойлай бастаған.

Жұрттың бір бөлігі ғимараттың екінші қабатына көтеріліп, балкондарға шыққанда, екі балконның бірі құлап кеткен. Сегіз адам зардап шекті, олардың үшеуі ауыр жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында Мехмет Палаз болған. Ол басынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. 1 сәуірде таңертең Палаз қайтыс болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар