Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаев қашан, қандай үкім шығады?

10:02, 13 мамыр 2024 704

Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты үкім қашан шығуы мүмкін екенін айтты.

Оразбахованың сөзінше, бүгін үкім шығу ықтималдығы - 70-ке 30 пайыз.

"Мұның бәрі (судья - еск.) кеңесу бөлмесінде қанша уақыт болатынына байланысты. Дауыстарды санайды. Дауыстарды санағаннан кейін судья үкімді, қарар бөлігін жазады. Яғни, бұл да белгілі бір уақыт алады", - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша бірнеше сот отырысы өтті. Оны дүйім жұрт Жоғарғы соттың YouTube арнасынан онлайн қарады.

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевты адвокат Лейла Рамазанова, Назкен Құсайынова, Ерлан Ғазымжановтар қорғап жатыр.

Ал марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен оның отбасының адвокаттары – Жанна Оразбахова мен Әлия Омарова.

27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды:

  • аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру);
  • қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар