"Шымкент-Самара" автожолында автокөлік өртенді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 16 оқушы мен бір жүргізуші болған газельді өрт толығымен шарпыған. Бұл жайлы Zakon.kz порталына сілтеме көрсете отырып хабарлаймыз.
Жолаушылар көліктен алдын ала шыққан болатын. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан.
Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.