Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бишімбаевқа қатысты істі жүргізіп жатқан қайсар прокурордың атынан жалған парақша ашылған

15:17, 05 сәуір 2024 447

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында өткір сұрақтар қоятын прокурор Айжан Аймағанованың атынан біреу жалған парақша ашқан.  

Бұл туралы бас прокуратура ескертті. 

Бүгінде жалған парақшаға 15 мыңдай адам жазылып үлгерген. 

Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

Сондай-ақ, парақшада келесі жазба жарияланған «Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!».

"Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада. 

Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар