Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазаға құлазып өз-өзіме қол салғым келді - Бишімбаев

17:46, 04 сәуір 2024 504

Бишімбаевтың ісіне байланысты сот отырысы әлі де өз жалғасын тауып жатыр. Бүгін өткен сот отырысында сотталушы өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

«Іс бойынша куәгерлердің бірі сіздің (Қуандық Бишімбаев – ред.) өзіңізге қол салмақ болғаныңызды айтты. Мұны қандай мақсатта жасадыңыз?», – деп сұрады прокурор сотталушы Бишімбаевтан.

Бишімбаев Нүкенованың қаза болғанына құлазығанына байланысты сондай әрекетке бармақ болғанын айтты.

«Сол оқиғадан кейін (9 қарашададан кейін – ред.) өзіңізге жарақат салу туралы ой болды ма?», –деп сұрады прокурор Бишімбаевтан.

«Тергеу изоляторында осындай әрекетке бармақ болдым», – деп жауап берді Қуандық Бишімбаев.

Прокурор Бишімбаевтың жауабы шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

«Бишімбаев қамауға алынған 5 айдан бері процесcуалдық прокурор ретінде тергеу изоляторына қойылған видеокамера арқылы сотталушыны жеке бақыладым. Бес ай ішінде өзіңізге бірде-бір рет жарақат салуға тырысқан жоқсыз. Сол күні не себепті куәгердің алдында имитация жасадыңыз?»,– деді қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар