Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дариға Назарбаеваның күйеуі кеткеннен кейін QazaqGaz-да 2,2 миллиард долларға бұзушылық анықталды

08:11, 06 маусым 2022 200
 



QazaqGaz ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов QazaqGaz-да 123 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды деп хабарлады.

Бұл туралы Жаркешов мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты.
– (QazaqGaz-да)123 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар дәлелденді, – деді мәжілісте газ саласын дамыту перспективаларына арналған үкімет сағатында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, бұрынғы «ҚазТрансГаз» АҚ QazaqGaz қызметіне толық аудит ұйымдастырылған.
– Бүгінгі таңда 937 миллиард теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның 123 миллиард теңгесі құқық қорғау органдарымен анықталған, – деп қосты Жаркешов.

Еске салайық, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма құрамы 2022 жылдың наурыз айының ортасында толығымен жаңартылды.

2014-2022 жылдар аралығында компанияны бұрынғы мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның күйеуі Қайрат Шәріпбаев басқарды. Шәріпбаев, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басқа күйеу балалары сияқты, қаңтар оқиғасынан кейін негізгі қызметтен кетті.

Еске салайық, өткен аптада QazaqGaz-дың бұрынғы басшысының міндетін атқарушы, Шәріпбаев бұл қызметтен кеткеннен кейін ұлттық компанияны уақытша басқарған Ибулла Сердиге іздеу жарияланған болатын. Соңғы 20 жылда Серді Шәріпбаев басқарған бірқатар құрылымдарда маңызды қызметтерді атқарды.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар