Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Динара мен Тимурдың тасы домалап тұр

10:11, 10 ақпан 2023 258
Биыл Тимур мен Динара Құлыбаевтар Халық банкінен тағы 375 миллиард теңге ала алады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша "Қазақстанның Халық банкі" АҚ таза пайдасы 539,2 миллиард теңгені құрады.

Бірақ бұл әлі аудиттелмеген көрсеткіш, мұндай мәліметтер Ұлттық Банктің шоғырланған статистикасында ғана бар.

Өткенде Халық банкі Тимур мен Динара Құлыбаевтарға 2021 жылдың табысы есебінен 96 миллиард теңгені төлеп біткен еді.

Халық банкінің 69,52% үлесі "Алмэкс" холдингі арқылы Тимур мен Динара Құлыбаеваға тиесілі. Ал 28,51 пайызын Лондон қор биржасындағы инвесторлардың атынан The Bank of New York ұстап отыр

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар