Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тоқаевтың кейбір ісі Хрущевті еске салады" - Дос Көшім

06:15, 08 ақпан 2024 256
Тоқаевқа жүйені сақтап қалу үшін, Назарбаевтың өзін құрбандыққа шалу түк емес. Бұл туралы белгілі саясаттанушы Дос Көшім айтты.

Оның сөзінше, Тоқаев жүйемен емес, Назарбаевтың айналасымен күресіп жатыр.
"Қазақстанда жүйе өзгерген жоқ. Меніңше, керек десеңіз, Тоқаев мырза осы жүйені сақтап қалу үшін бірінші, Назарбаевтың туған - туысқандарын құрбандыққа шалады. Бірақ, ол жүйемен күресіп жатқан жоқ. Одан кейін Назарбаевтың өзін құрбандыққа шалып жіберу оп-оңай. 

Менің есіме мынандай оқиға түседі. 1960 жылы Коммунистік партияның 20-сьезі болды. Сонда Хрущев келіп, Сталин туралы "Жеке басқа табынушылық" деген баяндама жасайды. Сталиннің қасында, бірге жүрген адам. Сөйтіп Сталинді мавзолейден сүйреп шығарып тастайды. Сталиннің кезінде шыққан кітаптардың вагон-вагон боп жатқан жерінен өртегенін көрдік. Тек қана ішінде "Сталиннің сыйлығын алған кітап" деген сөзі үшін өртелген. Ол кітаптар 5-6 күнге дейін өртеніп жатты. 

Дәл сол секілді, Хрущев келіп, Сталинді жамандады. Сталин бәріне кінәлі деді. Бірақ, сөйтті де өзі тоталиатарлық жүйені сақтап қалды. Қазіргі кезде Тоқаевтың кейбір ісі соған келеді. Яғни, "бәріне кінәлі - Ескі қазақстан".

Ескі Қазақстан деген, мойындайықшы, Назарбаев қой. Бірақ, ең қызығы өздері де Хрущев сияқты сол жүйенің ішінде болған адамдар,- дейді саясаттанушы Assyltas youtube арнасына берген сұхбатында. 

Фото: Abai.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар