Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Димаш Құдайберген тасқыннан зардап шеккендер үшін 15 млн теңге аударды

17:35, 10 сәуір 2024 538
Күллі әлемге танымал әнші, дарабоз дауыс иесі Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен тілдесіп, ақтөбелік жерлестерінің қал-жағдайын біліп қайтты. Сонымен қатар,тасқыннан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды,
деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Туған өлке тұрғындарымен жүздесу жайын Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Бүгін Ақтөбеге келіп, судан зардап шеккен тұрғындарымен кездестім. Оларға қиындықты еңсеруде мықты болуға шақырып,күшіміз бірлікте екенін айттым", делінген жазбада.

Жазбаға пікір жазғандардың дені Димашқа алғысын жаудырды, ал әлемнің түкпір-түкпіріндегі оның жанкүйерлері еліміздің осынау қиын-қыстау күннен тезірек шығуына тілектес екенін жеткізді. Алда жақсы да жайма-шуақты күндер күтіп тұрғанына сенім білдірді.

Димаш Құдайберген халыққа өзінің қаржылай көмегін ұсынды. Kazinform хабарлағандай, Димаш "Демеу Қазақстан" қайырымдылық қорына 15 млн теңге аударды.

Кейіннен танымал әнші эвакуация қалада ашылған гуманитарлық көмекті үйлестіру орталығына ат басын бұрды. Ерікті жастармен кездесіп, айрықша алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, биылғы көктемде қазақстандықтан су тасқымен күресіп жатыр. Қарғын судың қыспағы басталғалы 96 мыңнан астам қазақстандық апат аймағынан құтқарылған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар