Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Джо Байден Алексей Навальныйдің әйелі мен қызына көңіл айтты

04:44, 23 ақпан 2024 356
«Голос Америки» басылымының  жазуынша, Джо Байден марқұм оппозиционер Алексей Навальныйдің жесірі Юлия Навальнаямен және қызы Дарья Навальнаямен кездесті. АҚШ президенті оларға қайғыра көңіл айтты.
«Бүгін Алексей Навальныйдың жақтастары мен оның ісін жалғастырушыларға қайғыра көңіл айтамын. Олар Путиннің оппозицияға қысым көрсеткеніне қарамастан оның ісін жалғастырып жатыр. Ең алдымен, Алексейдің Ресейдің жақсы болашағы туралы арманын қостаған отбасының қайғысына ортақпын. Алла Алексей Навальныйды рахымына бөлесін!», – деп жазды Джо Байден Х парақшасында.

Ақ үйдің хабарлауынша, Калифорниядағы кездесу барысында Байден Навальныйдың «заң үстемдігі барлығына бірдей қолданылатын еркін және демократиялық Ресей үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы ерекше батылдығына» таңданысын жасырмаған.

Бұдан бөлек, Байден жұма күні АҚШ Навальныйдың өліміне, ресейлік репрессия мен агрессияға қарсы және Путиннің Украинаға қарсы соғысына жауап ретінде Ресейге қарсы ауқымды жаңа санкциялар жариялайтынын мәлімдеді.

Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның айтуынша, санкциялар Ресей Федерациясының қорғаныс және өнеркәсіптік базасына, сондай-ақ Ресей экономикасындағы кіріс көздеріне бағытталмақ.

Рио-де-Жанейрода өткен «G20» елдерінің сыртқы істер министрлерінің екі күндік отырысына қатысқан Мемлекеттік хатшы Антони Блинкен де ресейлік оппозиционер туралы айтты.
«Навальный өз өмірінде ғана емес, өз ісінде де нағыз қаһарман адам. Бірақ Владимир Путиннің бір адамды қудалап, аңдып, түрмеге тоғытуы Путиннің кезіндегі Ресейдің мықтылығын емес, керісінше, әлсіздігін көрсетеді», – деді Антони Блинкен.

Еске салсақ, бұған дейін Навальныйдің анасы мен адвокаттарын мәйітханаға кіргізбегенін хабарлағанбыз.

Фото: Джо Байден / X
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар