Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екеуін де қамау керек: Есен Елеукен жас баланы балағаттап текетіресіп қалды

17:22, 29 тамыз 2024 1022

Желіде Есен Елеукеннің белгілі блогерді балағаттаған видеосы тарады. Оқиға Астанада болған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Астанада өтіп жатқан «МедиаЛига» матчынан кейін «SD Family» және «Жайдарман» командалары арасында жанжал болды. Жастар арасында «Упучук» атымен танымал Әділет пен «Жайдарманның» негізін қалаушы Есен Елеукен сөзге келіп қалған. Екеуінің төбелесі көрермендер мен турнир қатысушылары арасында айтарлықтай резонанс тудырды. Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Немесе финалға қызығушылық тудыру үшін әдейі ұйымдастырылған хайп болуы да мүмкін, — деп жазады aktobe_live.

Бұдан бөлек TikTok желесінде тараған видеодан Есен Елеукеннің балағат сөз айтып жатқанын анық естуге болады. Нұрболат есімді желі қолданушысы видеоны өшіріп үлгерген.

«Екеуін де қамап тастау керек», «Есен деген үлкен адам емес пе? Жас баланың қылығын істеп не істеп жүр», «Осы Упучук жүрген жерінде төбелес шығарып жүреді», «Ақтөбе бар жерде жанжал бар», деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар