Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Екі алтыннан үмітіміз бар": Ермахан Ыбырайым Олипиада жүлдесі туралы айтты

13:27, 06 тамыз 2024 692

Бұл туралы ол Kazinform-ға берген сұхбаты барысында айтты әуелде.

Оның пайымдауынша, жартылай финалға шыққан екі қазақстандық боксшы чемпион атанады.

«1996 жылдан бері Қазақстан Жазғы Олимпиада ойындарына тұрақты қатысып келеді. Токио Олимпиадасын айтпағанда, бұған дейінгі сындарда боксшылар чемпион атанды. Парижге тек Қазақстан мен Өзбекстан ғана толық құрамда барды. Алайда екі боксшымыз ғана жартылай финалға жете алды.

Десек те, біздің екі алтыннан үмітіміз бар. Соңғы сәтке дейін үміт үзбейміз. Нұрбек Украинаның белгілі боксшысымен шаршы алаңға шығады. Ол спортшы туралы білеміз. Тактика дұрыс қойылса Хижнякты ұтуға болады деп сенемін. Сондай-ақ, әйелдер боксынан Назым Қызайбайдың да чемпион атануға мүмкіндігі бар», – деді Ермахан Ыбырайымов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар