Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Париж Олимпиадасы Қазақстанның спорт саласына "кадрлық тазалау" жүргізеді

19:47, 05 тамыз 2024 1957

Олимпиададан кейін "кадрлық тазалаулар" басталмақ, деп хабарлайды Alash.KZ сайты DALA INSIDE арнасына сілтеме жасап.

2024 жылғы Париж олимпиадасы аяқталғаннан кейін спортқа жауапты мемлекеттік мекемелерде тиісті аудит жүргізілетін болады. Спорт федерацияларының, Ұлттық олимпиада комитеті басшылығы және Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаевтың қызметіне баға берілмек.

"Шынын айтқанда "ана жақ" аса риза емес. Бұл әсіресе бокс пен тенниске қатысты. Онымен бірге фокусты технологиялық спортқа: садақ ату, батут, семсерлесу, бадминтон сынды бағыттарға бұру да ойластырылуда", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Париж олимпиадасы біраз шешілмеген мәселені ашып берді. Қазақстан мен IBA арасындағы өзара түсініспеушіліктің бар екені, спортшылармен психологиялық жұмыстың жүргізілмегені байқалады. Бәрін тек ақша емес, жеке мотивацияның анықтайтыны айқын білінді. Токио олимпиадасынан ешқандай сабақ алынбаған.

Телеграм арна спорт саласындағы күзгі рокировкаларды қадағалап отыратынын жазыпты. Тек одан нәтиже бола ма деген сұраққа еш жауап жоқ дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар