Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі фельдшер клиникалық өлімі тіркелген ер адамды он минуттың ішінде құтқарып қалды

12:32, 21 мамыр 2024 397

ШҚО-да есін жоғалтқан науқасты фельдшерлер он минуттың ішінде реанимациялап, есін жиғызды,деп хабарлайды Alash.kz.

Дәрігерлер келгенде науқастың тамыр соғысы да, тынысы да тоқтап қалған. Десе де, мамандар оны тірілтпек болды.

"103" пультінің диспетчеріне науқастың әйелі қоңырау шалған. Физикалық жүктемеден кейін оның жүрегі қатты соғып, кеуде тұсы ауырған. Оқиға орнына бригада жеткенде ер адам екі минут ес-түссіз жатқан. Клиникалық өлім тіркелді, жедел жәрдем бригадасы кеуде қуысын қысу, жасанды желдету және дефибрилляцияны қолдану арқылы реанимациялық шараларды бастады”, – деп хабарлады ШҚО жедел жәрдем станциясы.

10 минуттан соң науқас өзі тыныс ала бастады, тамырларында соғыс пайда болды. Сондай-ақ бозарған бетіне қан жүріп, есін жиды. Содан кейін ер адам жедел коронарлық синдром диагнозымен Алтай өңірінің ауданаралық ауруханасына жеткізіліп, жүрегіне стент орнатылған. Құтқарылған ер адам әлі терапия бөлімінде жатыр. Бірақ оның жағдайы тұрақты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар