Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екібастұз тұрғыны пәтерінде өлген. Билік оның үсіп өлмегенін айтады

05:46, 05 желтоқсан 2022 235
[ad_1]



Екібастұз тұрғыны пәтерінде қайтыс болған. Полиция үсу белгілері немесе зорлық-зомбылық белгілері байқалмағанын мәлімдеді деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.


Басылымның хабарына қарағанда, жергілікті билік whatsApp әлеуметтік желісі арқылы тағараған, "ер адам пәтерінде үсіп өлген" деген ақпаратты теріске шығарған. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі зейнеткер қайтыс болғанын, бірақ оған суық себеп болмағанын нақтылаған. Полиция мәліметінше, зейнеткер тірі кезінде қан қысымы жоғарылығынан қиналып жүрген.


Жедел жәрдем сөзіне қарағанда, 17 сағатв 32 минутта "пәтердің бірінде ер адам есінен танып қалды" деген хабар түскен.


"Жедел жәрдем 8 минутта жетті. Дәрігерлер барғанда 70 жастағы ер адам қайтыс болып кеткен. Үсіген белгі жоқ", – дейді Жедел жәрдемнің баспасөз қызметі.


Зейнеткер өлгенде жанында әйелі болған.


Жексенбі күні кешкі ресми ақпаратқа қарағанда, Екібастұзда 11 үйге жылу берілмеген. "Үйлердің жерқабатына жылу жетті. Айналым бар. Енді әрбір пәтерге жылу жеткізуіміз керек", - деді брифингте Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук. Оның сөзінше, кей үйлердің жылу жүйесіндегі су дұрыс ағызылмай, қатып қалған.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар