Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Кедейлікті жеңе алмай отырмыз». Депутат АЕК-тен бас тартуды ұсынды

05:05, 05 желтоқсан 2022 296


Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова айлық есептік көрсеткіштен бас тартуды ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.



«Тәуелсіздік кезінде енгізілген айлық есептік көрсеткішті (АЕК) пайдаланып отырмыз. Иә, бұл жоспарлауға ыңғайлы болуы мүмкін. Бірақ АЕК экономикаға да, жалақыға байланысты емес», – деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағатында.



Жәмилә Нұрманбетова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыс істеуге кеңес берді.




Біз кедейлікті әлі жеңе алмаймыз отырмыз. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, қазақстандықтардың 15%-ы кедей. Ресми статистика бойынша халықтың 5,1%-ы күнкөріс деңгейінен төмен табыспен өмір сүреді, – деді ол.




2022 жылдың 1 желтоқсанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды. Соған сәйкес еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болып бекітілді.



Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңге болды. Елдегі зейнеткерлер үшін жаңалық – ең төменгі зейнетақы мөлшері 53 076 теңге болып бекітілді.



Жыл сайын айлық есептік көрсеткіш артатыны белгілі, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгеге тең.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар