Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.
“Жарақат алған 3 адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген. Медициналық тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр”, – делінген хабарламада.
Тағы үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алған. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар да амбулаториялық емдеуге жіберіледі.