Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бұхара қаласында барған. Сапар үстінде Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Назарбаев қаланың тарихи-мәдени көрікті жерлерімен танысу үшін барған. Сапар бейресми кездесуге ұласып, Назарбаев мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен жолыққан. Нақтырақ айтсақ, бұрыншы мемлекет басшысының сапары Мирзиеевтің Бұхараға арнаулы жұмыс сапарымен тұспа-тұс келген.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев бірге Бұхараның бірқатар маңызды да көрікті жерін аралады. Олар қаланың мәдени-тарихи мұрасын талқылап, оның Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңыздылығын атап өтті.
Еске сала кетсек, қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев халық алдына сирек шыға бастады. Ал соңғы рет Назарбаевты жұртшылық БАӘ-де жүрген кезде көрген.