Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді Атырау әуежайы толығымен басқа мемлекеттің құзырына өтпек

11:50, 09 тамыз 2024 234

Қазақстан үкіметі «Атырау Әуежайы» компаниясының 100% акциясын Катардың астанасы Дохада тіркелген QazAir Investments LLC компаниясының пайдасына өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Толығырақ

Бұл мәміле акцияларды түрік компаниясы Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma A.Ş. және «Атырау» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан өткізіп беруді көздейді.

Бұрын әрқайсысы әуежайдың 50% акцияларына ие болған. 7 тамызда қабылданған қаулы қазірдің өзінде күшіне енді.

Тағы не белгілі

2023 жылдың қазан айында антимонополистер әуежайдың әртүрлі бағаларды қолдану арқылы өзінің жағдайын асыра пайдалануына қатысты бұзушылықтар болғанын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар