54 жастағы рецидивист 5 жасар балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Бұл туралы Alash.kz порталы хабарлайды.
Сот педофилдің өткен жылдың қараша айында ауыр қылмыс жасағанын анықтады. Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы қылмыс орнында ұсталды. Ол мас күйінде баланы қойма артына апарып шешіндіріп тастаған. Қылмыскердің бұл әрекетін көршілер байқап полиция шақырған.
Істің мән-жайын және жәбірленушінің жасын ескере отырып, сот процесі жабық есік жағдайында өтті. Сотта педофилдің кінәсі жәбірленушінің, куәнің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және заттай дәлелдермен әшкере болды.
⠀«Ауладағы көршілер оның кішкентай баланы қоқыс жәшіктерінің артына сүйреп апарғанын көріп, сол жерде оған бірдеңе жасай бастады. Полиция шақырылып, қылмыскер қолдарына тапсырылды”,- деді полиция қызметкері.
Прокурор Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша «Н»-ны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі мен оның қорғаушысы прокурордың пікірімен келіскен», - деді Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.
Белгілі болғандай, педофил бұрын зорлау, ұрлық және есірткі заттары үшін сотты болған. Ер адам колониядан шыққаннан кейін бірнеше күн өткен соң тағы да зорлық әрекеттерін қайталады.
Сотқа дейінгі тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады.
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 20 жылға қатаң режимдегі колонияда өтеу жазасына кесті. Қайталап қылмыс жасаған педофил бірінші сатыдағы соттың шешіміне шағымдануды жоспарлап, ақтау үкімін шығаруды сұрайды.