Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еркектерді қорғайтын заң керек емес – Мәулен Әшімбаев

16:20, 14 наурыз 2024 306

Өткенде мәжіліс депутаттары "Отағасы туралы" заң керек деген болатын. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ.

«Меніңше, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ. Жалпы азаматтарымызды, әйелдерімізді, ер азаматтарымызды қорғайтын тиісті нормалар бар. Әртүрлі қылмыстық әрекеттерге байланысты жауапкершілікті күшейтіп жатырмыз. Сол себепті біз Сенатта қарап жатқан заңды қабылдағаннан кейін әрі қарай жағдайды қараймыз. Сондықтан керек болса, тиісті шешім қабылданатын болады», – деді ол.

Сенат спикері тұрмыстық зорлық-зомбылық заң қабылданғаннан, қоғамдағы үлкен қозғалыстан кейін үлкен өзгерістер болатынына күмәні жоқ екенін жеткізді.

«Жалпы бұл мәселенің барлығын Президентіміз өз бақылауында ұстап отыр, тиісті тапсырмалары бар. Заң да Президентіміздің тапсырмасымен қабылданғалы жатыр. Бұл бағыттарда оң өзгерістер болатынына толықтай сенемін»,  – деді Әшімбаев.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар