Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты істі прокуратураға қайтаруды сұрап отыр

17:21, 12 наурыз 2024 474

Астана сотында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты экс-министрге қатысты қылмыстық істі прокуратураға қайта жіберуді сұрады.

Адвокат Назкен Құсайынованың айтуынша, тергеу барысында жүйелі түрде ұрып-соғу әрекеті, әсіресе оның зорлық-зомбылық арқылы жасалғаны дәлелденбеген. 

Бишімбаев Нүкенованың шағын шығындарына айына 5-6 млн теңгеден астам қаражат аударғанын ескерсек, оның материалдық жағынан тәуелді болғаны дәлелденбеген. Өтінішхатта барлық аударымды дәлелдейтін құжат ұсынылды, - деді адвокат.

Сондай-ақ сотталушы тарап соттан Нүкенованың жарақат алғанын көргенін айтқан құрбыларын жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.

Адвокат қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастауды, Бишімбаевтың әрекетін 104-баптың 1-бөлігіне (абайсызда қазаға ұшырату) қайта саралауды сұрады.

Ал екінші адвокат Бишімбаевтың Нүкенованы өлтіру туралы ойы болмағанына сенімді.

Мейрамханада қызғаныш салдарынан жанжал болған. Бишімбаевтың барлық әрекеті Нүкенова тыныштандыруға бағытталған,  - дейді адвокат.

2024 жылдың 11 наурызында Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі басталды.

Айыптау актісіне сәйкес, Бишімбаевқа қылмыстық кодекстік 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша және 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасады деген айып тағылған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар