Өнер зерттеушісі, сценарист Ерлан Төлеутай олардың мұндарын жоғары жақ естімей жатқанына ренішін білдірді.
«Полицияның іздеп жатқаны, бәрімізге айыппұл салып жатқаны мені қапа қылды. Бұл енді үлкен қорлық. Әйтпесе, жазам жоқ. Конститутциялық құқымды пайдаланып, ұстанымымды білдіргім келді. Сол үшін қудалап жатыр. Енді қалам мен домбырамды тастаймын ба деп отырмын. Боксшы болмағаныма өкіндім. Сол кезде кешегідей бізді Президент қабылдайтын еді», - дейді Ерлан Төлеутай.
Ол өздеріңе салынған айыппұлды төлейтінін, бірақ ол ақшаны жетімдер үйіне аударыңдар деп айтты.
Айта кетейік, айыппұл ереуілге шыққан 7-8 адамға салынған. Айыппұлдың көлемі 70-тен 170 мың теңгеге дейін.
Еске сала кетсек, 13 мамырда Алматыда бір топ киногерлер Президентке наразылық үндеуін жолдаған еді. Олар киноны қолдау орталығы заң бұзып отырғанын айтқан. Наразылық топ Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевтың келуін талап еткен болатын. Бірақ басқарма төрағасы кезекті еңбек демалысында жүрген көрінеді.