Сапар барысында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді, оның ішінде стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылатын болады.
Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің әуежайдағы кездесуінің суретін таратты.
Қасым-Жомарт Тоқаевты қытайлық мектеп оқушылары қарсы алды.
"18 мамырда Мемлекет басшысы Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесіп, мемлекеттік сапарлар бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар өткізеді, сондай-ақ Алматыда Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысын іске қосу рәсіміне қатысады", - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
19 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия-Қытай саммитіне қатысады. Сондай-ақ Сиань қаласындағы еліміздің Бас консулдығының салтанатты ашылуына қатысу жоспарлануда.