Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Есектің сүті мен еті емге таптырмас зат: Есектің етін жеп жүрміз бе?

15:08, 21 маусым 2024 1816

Жамбыл облысында жайылымда екі жарым мыңға жуық есек жүр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Инфорбюро» жаңалықтар бағдарламасының дерегінше, есек үйірі Байзақ пен Талас ауданының өрісін толтырған. Басында 1700-дей болған есектің саны қазір 2300 басқа көбейген. Бірақ бағытын қайырып бағып, өрістеткен ешкім жоқ. 400 гектар аумақты алып жатқан қорадан шыққан есектер қайта кірмепті. Қазір Талас өзенін жағалап жайылып жүр. Сөйтсе жер иесі есек жинаған азаматпен келісімді бұзып, қоршалған қораның есігін ашып жіберген.

«Ол жерді уақытша берген. Бос жатқан жерді. Содан біз қолға алғанннан кейін ол ана келісімшарт жасасқан адаммен келісімін бұзды ғой», – дейді Байзақ аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Еркебай Рысалиев.

Белгілі болғандай бұл есек өнеркәсібін дамытуға басталған жоба екен. Жеке адамның жерін жалға алған азамат, жер-жерлерден 25-30 мыңнан есек алып жинаған.

«Біз есек шаруашылығын дамытып, өнімін Қытайға алып кетпекшіміз. Қазір есек басын 10 мың басқа жеткізу жоспары бар. Есектің сүті, еті түрлі дәрі шығаруға таптырмас шикізат. Бізге 10 мың гектардай жер болса жетеді. Әкімдікпен келіссөз жүргіздік», – дейді қытайлық инвестор Суй Чын Ын.

Жоба жүзеге асса өңірге 50 миллион юань, яғни 3,5 милиард теңге инвестиция құйылады. Ал етінің елге тарап кетпеуіне еш күмән болмауы керек деп отыр.и

«Өзі тәртібі бар, ауылшаруашылығы малдарын бірыңғай ету. Есектер. Оған осы чипын салып сол чиптерді базаға енгізіп, тіркеуге алу мәселесі жолға қойылды. Есекті пайдаланып қаражат тап деген Абай атамыздың да айтқаны бар», – Жамбыл облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Көкей.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар