Қазақстандағы танымал жастар жобасы – "Жайдарманда" кадрлық өзгерістер болды. Жобаның жаңа атқарушы директоры болып Жанасыл Болатбек тағайындалды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Бұған дейін жобаның атқарушы директоры болып келген Есен Елеукен республикалық телеарнаның бас продюсері қызметіне тағайындалды.
25 жылдық тарихы бар Жайдарман жобасы бүгінде миллиондаған аудитория жинайтын, жастардың креатив платформаларының біріне айналған, деп жазады inbusiness.kz cайты.
Жобаның Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы, 150 өкілдіктігі бар, оның ішінде 5 республикалық лига мен 3 500 команданы қоса алғанда 10 000-нан астам шара ұйымдастырып үлгерген.
Бұл ретте, Жайдарман жобасының хабарлауы бойынша ойындар кестесі өзгермейді және келесі JAIDARMAN TOP финалдық ойыны жооспарланғандай 23 қарашада Астана қаласының Орталық концерт залында өтеді.