Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ешкімге мұқтаж емеспін". Мөлдір Әуелбекова орамалы үшін "қара тізімге" енгенін айтып, көп жерге шақырмайтынын жеткізді

09:51, 16 қазан 2024 349

Қазақ эстрадасындағы белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова орамалы үшін көптеген концерттерге шақырылмайтынын айтып, халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Әнші өзінің «қара тізімде» екенін мойындап, орамалы үшін көп іс-шарадан сырт қалатынын айтқан. 

«Иә, кейбір жерлерде мені орамалым үшін шақырмайды. Мен шынын айтамын, Дина ханым, басымды қатырмаймын. Қара тізімге кіріп кеттім бе, одан қалай шығамын? Мен басымды қатырмаймын. Мен олардың қара тізіміне, болмаса мен олардың концертіне, олардың телевизиялық жобасына мен мұқтаж емеспін. Мені тыңдайтын халық, 20 жыл бойы мені көтермелеп отыр. Құлаған жерімде көтеріп жіберіп отыр. Мені тыңдайтын халық, олар өздері тауып алып-ақ тыңдап жүр», — деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?