Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Есімовтың қызы - Forbes Kazakhstan тізіміндегі жаңа миллионер

09:25, 07 мамыр 2024 890

Биыл Forbes Kazakhstan тізіміндегі бай кәсіпкерлердің саны артты, бұған дейін тек 50 орын болатын, - деп хабарлайды alash.kz forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтингке сүйенсек, биыл Вячеслав Ким алғаш рет Forbes Kazakhstan бай бизнесмендер рейтингінің көшбасшысы атанып отыр. Бір жыл ішінде оның байлығы 2,2 миллард долларға өскен. Вячеслав Ким - Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, ол 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша компанияның 21,4 пайызын бақылайды. Сондай-ақ, "АЛСЕКО" АҚ-ның 90 пайызына ие.

Назарбаевтар әулетінің өкілдері де рейтингте. Бір жыл ішінде экс-президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың байлығы 700 миллион долларға артты. Осылайша Forbes миллиардерлерінің жаһандық рейтингінде ол 612-орынды иеленді. Кәсіпкердің байлығы оның Halyk банкіндегі үлесі ұлғаюына байланысты өсті. Құлыбаевтар "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ты "Алмекс" холдинг тобы арқылы басқарады. Ал тұңғыш президенттің қызы Динара Құлыбаева да жұбайы сияқты Forbes миллиардерлерінің жаһандық тізімінде 612-орынға ие болды, бір жыл ішінде оның байлығы да 700 миллион долларға өсті деп жазды Dalanews.kz.

Тізімде Владимир Ким де бар. Бір жыл ішінде оның байлығы 1 миллиард долларға төмендеді, соның әсерінен Forbes миллиардерлерінің жаһандық рейтингінде 896-орында тұр. Ал Тимур Турлов Forbes миллиардерлер тізімінде 991-орында тұр.

Экс-президенттің тұңғышы Дариға Назарбаева да тізімде. Ол "Еуропа плюс Қазақстан" ЖШС және "Тәуелсіз телевизиялық арна" ЖШС (НТК телеарнасы) иелік етеді. Рейтингте оның ұлы Нұрәлі Әлиев те бар. Ол "Транстелеком", "Capital Holding", "Darmen Holding" секілді нысандарда акционер.

Тізімде жаңа есімдер де бар: соның бірі - Айжан Есім. Ол 207 миллион доллар байлықпен 44-орында тұр. Ол Ескі Қазақстанның өкілдерінің бірі Ахметжан Есімовтің қызы екені жазылып жатыр. 

Оның байлығының негізгі үлесін 2021 жылы Kazphosphate Limited ұлыбританиялық компаниясы арқылы Ғалымжан Есеновпен бірге акционер болған "Қазфосфат" ЖШС сатудан түскен үлесі құрайды.

Сондай-ақ, ол "Sport Center" ЖШС (фитнес-клубы) және Петропавл нан-тоқаш комбинатында үлеске ие.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар