Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бүгін кешкі 10-нан таңғы 6-ға дейін Астанадан ұшақтар ұшпайды

10:56, 06 мамыр 2024 1162

Бүгін елорда әуежайының баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда пайда болған әуежайда күрделі жөндеудің болмайтындығы туралы ақпараттың БАҚ-та таралуына байланысты жасаған мәлімдемеде:

1 мамырдан бастап Астана қаласының әуежайында бас мердігерімен (Mabetex Group) бірлесіп, ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар басталды. Асфальтбетон жұмыстарын жүргізу үшін бас мердігер Астана, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Орал және Петропавл қалаларының әуежайларында әуеайлақ жабындарын қайта жаңартуда тәжірибесі бар «К-Дорстрой» АҚ компаниясын жұмысқа тартты, – делінген хабарламада.

Бүгінде объектіде инженерлік-геодезиялық ізденістер жалғасып жатыр. Сонымен бірге арнайы техника тартылып, инертті материалдар жеткізілуде.

Осыған байланысты Астана халықаралық әуежайындағы авиарейстер кешкі 10-нан таңғы 6-ға дейін орындалмайды. «Қазаэронавигация» РМК арқылы күрделі жөндеуге байланысты әуеайлақта енгізілетін шектеулер туралы NOTAM электронды хабарламалары жіберілді. Бұл ретте жалпы шешімге қол жеткізуде қолдау көрсеткені үшін авиакомпанияларға алғысымызды білдіреміз, – деді компания өкілдері.

Айта кетсек, әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген және ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу сенімгерлік басқару кезеңінде инвестордың бірінші кезектегі міндеті болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар