Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еуроодақ су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсетпек

11:40, 20 сәуір 2024 647

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер саны 117 000-нан асты. Еуропалық Одақ ең көп зардап шеккен отбасыларға көмектесу үшін 200 000 Еуро гуманитарлық қаражат бөлетін болды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Еуроодақ зардап шеккендерді матрацтар мен төсек-орын жабдықтары, гигиеналық материалдар сияқты тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуді көздейді.Сонымен қатар, өз қаражатын Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамын (RCS-RC) қолдауға бағыттамақ.

Алдағы үш айда көрсетілетін гуманитарлық көмек су тасқынынан қатты зардап шеккен 5000 адамға жұмсалады. Әйелдер тізгіндеген шаруашылықтарға, мүмкіндігі шектеулі немесе қарт адамдары бар отбасыларға және үш баладан асатын отбасыларға көмек көрсетуге ерекше назар аударылады.

Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының төтенше апаттарды жою қорына Еуроодақтың осылай үлес қосуды көздеп отыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар