Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

FlyArystan басшысы 12 жастағы қыздың анасынан кешірім сұрау үшін Оралға барды

19:06, 11 тамыз 2024 767

FlyArystan басшысы жеке тұрғыннан кешірім сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Компания өздерінің ағаттығы үшін 12 жасар қыздың анасы Жазира Мусинадан кешірім сұрау үшін Оралға келді.  

Sputnik.kz мәліметінше, әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде "Астана-Орал" рейсіне жіберілмеген 12 жасар қыз Зере Галиеваның анасымен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді. 

Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылады.  

Бұған дейін жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде FlyArystan-нан келген хатты жариялады. 

Онда компания 4 миллион теңгені моральдық өтемақы ретінде ұсынғаны белгілі болды.

Бірақ жәбірленуші келіспей, сотта кездесетіндерін мәлімдеген.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар