Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Германияға кеткен немістер Қазақстанды сағынып жәрмеңке өткізді

17:56, 20 мамыр 2024 458

«Біз Қазақстанда тудық» - Германиядағы жәрмеңкеде Қазақстанда туған немістердің патриоттық әндері шырқалды. Видео әлеуметтік желілерде тез танымал болды.

«Қазақстаннан келген неміс бауырларымызға рахмет!», «Неміс қандастарымыздың өз Отанына деген құрметі шексіз, рахмет!», «Немістер ұлы халық, өйткені олар еске алған сайын жақсылығын ұмытпайды. Бұл тек ұлы адамдарға ғана тән нәрсе», «Бұл ел біздің достығымызды ұмытпайды», - деп жазды видеоның астына қазақ халқы.

Жәрмеңке ТМД елдерінен Германияға қоныс аударған немістердің мәдениеті мен дәстүрін насихаттайтын жоба ретінде ұйымдастырылған.

Аталған жоба өткізілген 20 жыл ішінде іс-шараның ауқымы кеңейді. Жәрмеңкеге жыл сайын 20 мыңнан астам адам қатысады. Германиядағы немістердің қазақ халқына деген шексіз махаббаты туралы бұған дейін де талай материал жарияланған болатын. Қазақстанда туып, неміс жерінде қайтыс болған кейуананы соңғы сапарға балалары қазақ әнімен шығарып салған.   

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?