Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ғылымды іздер, алысты көздер жетті күн

23:43, 29 наурыз 2024 336

АРМАНЫМ

Зор арманым - жиһанды жүрмін кезе алмай,
He бар, не жоқ - дүние халін сезе алмай.
Зейінім - ауыр, қолым - қысқа, жолым - тар.
Іздеген мұрат қолға тиіп тез алмай.

Көзім көріп, айтуға тілім бата алмай,
Ішім қайнап тағы да шыдап жата алмай,
Мендей міскін бар ма екен хақтың құлында,
Керексіз болған еңбегі еткен ақы алмай.

Мен дос көрсем, мені санап дұшманға,
Айтқанымды алғыза алмай еш жанға.
Қаскүнемнің хайласына көз жетпей,
Білерсің бір-ақ бүйіріңнен қысқанда.

Аяусыз жаным, мен бір кұрбан лағың,
Болса алуға, қаным себеп, мұрадың.
Болайын сүйінші: жұлдызы жанып бақыттың,
Сен көркейді деп естісе құлағым.

Азуды қайрап, бармақты шайнап өтті күн,
Ғылымды іздер, алысты көздер жетті күн.
Ақсақал артқа, жастар тартса салтқа.
Әперер жұртқа кекті кім?

Міржақып Дулатұлы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар