Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ІІМ: 41 бала жасырын есірткі сатумен айналысқан

15:08, 29 наурыз 2024 424

Былтыр елімізде жасырын есірткі сатумен айналысқан 41 бала ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.

«2023 жылы есірткі қылмысына қатысы бар 3 мыңдай адам ұсталды. Оның ішінде (жасырын есірткі сатуға қатысы бар, яғни есірткіні жасырып қойып кетумен айналысқан) 41 бала бар. Әрбір үшінші факт (162 дерек) интернет арқылы жасалады. Сондай-ақ есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 149 фактісі анықталды. 4 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Олар синтетикалық препараттарды жеткізумен және сатумен айналысқан. Оның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топ бар. Қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін 8 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерлерден 66 келі есірткі тәркіленді», - деді Шыңғыс Алекешев ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елімізде 16 есірткі зертханасы анықталған. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 3 айдың ішінде есірткінің таралуы туралы ақпараты бар 1 мыңға жуық сайт анықталып, бұғаттаған.

«Есірткі өндірісіне қатысқан 15 адам ұсталды. Олардан 128 келі есірткі мен 390 литр прекурсор тәркіленді. Жалпы тәркіленген синтетикалық препараттардың көлемі артып келеді. Егер 2018 жылы бір жылда жалпы 5 келі жаңа психоактивті зат, былтыр бір тоннадан аса психоактивті зат тәркіленді. Ал биыл 3 айда 225 келі синтетикалық есірткі, жалпы тоқсан ішінде 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді. Оның ішінде 946 келі марихуана, 237 келі гашиш бар», - деді ресми өкіл.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар