Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Іле ауданы білім бөлімінің басшысы жемқорлыққа күдікті деп танылды

08:47, 19 ақпан 2024 322
Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы жемқорлыққа күдікті деп танылды.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.

Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 млн теңге жалақы төлеген.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Фото: Pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар