Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қадыровтың 18 жастағы ұлы министр болып тағайындалды

07:58, 19 ақпан 2024 304
Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Ахмат Шешенстанның жастар ісі министрі болып тағайындалды. Сонымен қатар ол Республиканың жоғары наградасын да алған. 

Бұл туралы Шешенстан парламентінің спикері Магомед Даудов мәлімдеді. Ол Ахмат Қадыровқа атасы және Шешенстанның бұрынғы басшысы құрметіне тағайындалған орденді табыс етті, оның аты да Ахмат Қадыров болды.

Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы бұған дейін Шешенстанның дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты жөніндегі вице-министрі қызметін атқарған.

Фото: MDaudov_95 / Telegram
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар