Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Интернетте ресейліктер үшін қазақстандық құжаттар еркін саудалануда

10:44, 21 сәуір 2022 262
Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz – Онлайн хабарлама, жарнама беруге арналған OLX платформасының Қазақстандағы сегментінде шетелдіктерге, оның ішінде РФ азаматтарына, заңды тұлғаларына «Қазақстан ЖСН-ін (жеке сәйкестендіру нөмірі) және БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) алуға көмектесемін» дейтін жарнама пайда болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Мұндай жарнамалардың дені наурыз бен сәуір айларында шыққан. Жарнама мәтінінде 1000 рубльге немесе 5500-6000 теңгеге екі күн ішінде қазақстандық ЖСН жасап береміз делінген. Одан бөлек ресейліктер үшін құжат рәсімдеу, ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), ЖК (жеке кәсіпкерлік) ашу, банктен есепшот ашу, карта жасау секілді қызметтер ұсынған жарнама көп.  Осындай сарындағы жарнаманың дені Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Қарағанды секілді қалалардан.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар