Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ішетіні бар: Подьездте түнейтін баланы анасы үйіне "қонақ" келген кезде шығарып жібереді

15:38, 16 шілде 2024 1148
 

Фейсбук әлеуметтік желісінде Меруерт Алтынбек есімді қолданушы подьездте түнейтін кішкентай бала туралы пост жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Жазбасына зер салар болсақ, екі күннің бірінде подьездте түнейді екен. Анасы үйіне қонақ келген кезде шығарып жібереді. 

“Бұл бала біздің подъездің "тұрғыны". Естуімше, шешесі үйіне "қонақ" келгенде, сыртқа шығарып жібереді. Мүмкін, бірдеңеге көңілі толмай, баланың өзі үйден шығып кететін шығар... Өздері шешесі жұмыс істейтін дүкенде тұрады. Үйлері жоқ. Әкесі жоқ. Бала аздап үркектеу, жасық. Екі күннің бірінде подъезге түнейді. Өзін көрген сайын үйге шақырамын. Бірақ, қанша шақырсам да үйге кірмейді. Қайтпек керек?”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Болашағынан үміт күттіретін бүлдіршіндерге көмек беру керек деген пікірді де алға тартты. 

“Көп алдында ұпай жинайтын меценаттар осындай шын мұқтаж жандарға көмектессе ғой! Мына балаға бір бөлмелі болса да пәтер алып беретін, тым құрыса, жалдап беретін қайырымды жан болса, немесе, ел-жұрт боп, осы балаға пәтер алып берсек, бала бұлай суық еденде жатпас еді”, – деді ол.

Алайда жазба авторы анасының аса қатты жаман адам емес деді. 

“Шешесі момындығынан жұртты басына шығарып алады. Әрі, күйіктен аздап ішеді. Басқа тұрғындар да, анасының балаға зәбір көрсетпейтінін білгендіктен, полиция шақырмайды. Меніңше, полиция шақырып, баланы анасынан айырғаннан мына баланың жағдайы оңалып кетпейді. Жүрегіне жара түседі. Одан да, осындай тағдыры қиын балаларға ел_жұрт боп қарасып жүрсек, ең дұрыс шешім болар еді деп ойлаймын”, – дейді жазба авторы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар